Жаңалықтар

ҚФФ бұрынғы президентінің үстінен іс қозғалды

ҚФФ бұрынғы президентінің үстінен іс қозғалды
ҚФФ бұрынғы президентінің үстінен іс қозғалды/Коллаж: KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан футбол федерациясының экс-президенті Әділет Барменқұлов істі болып жатыр. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

«БАҚ тарапынан келіп түскен сұраныстарға байланысты, ҚМА Қазақстан футбол федерациясының бұрыңғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын растайды» делінген агенттік хабарламасында.

Әділет Барменқұлов Қазақстан футбол федерациясының президенті қызметінен 2024 жылғы қарашада кеткен. Ол федерация басшылығына 2022 жылы келген.

Барменқұловтың тұсында ұлттық құрама көп-көрім ойын көрсетіп, Еуро-2024 турнирінің іріктеу кезеңінен өтуге сәл қалған.