
Қазақстандықтардың болашақ зейнетақысынан 1,4 трлн теңгесі экономикаға құйылуы мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.
«Биыл экономиканы кредиттеу үшін зейнетақы қорының қаржысын инвестициялаудан қалған лимит – 1,4 трлн теңге», – деді төраға Үкімет отырысында.
Сонымен қатар Сүлейменов бұл қаржыны тағы 500 млн теңгеге көбейтуді қарастырмақ.
ҰБ төрағасының айтуынша, 2024 жылы БЖЗҚ-ның 612 млрд теңгесі экономикаға инвестицияланған. Оның ішінде 186 млрд теңгесіне «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің облигациялары сатып алынған.
Көлік инфрақұрылысын қаржыландыруға зейнетақы қорының 173 млдр теңгесі жұмсалса, агроэнеркәсіп кешеніне 213 млрд теңге инвестицияланған. 226 млрд теңгеге екінші деңгейлі банктердің облигациялары сатып алынған. Олар бұл қаржының экономикаға несие беруге жұмсауы тиіс.
Зейнетақы қорының қаржысы тек Қазақстан қор биржасында шығарылған облигацияларды сатып алу арқылы инвестицияланады.