Жаңалықтар

Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста жолдар жабылды

ҚазАвтожол ескерту
Үш облыста жолдар жабылды / Фото: shutterstock

Қар, бұрқасын және көктайғақ салдарынан республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бірнеше учаскесінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше Қызылорда, Алматы және Ұлытау облыстарында төрт жол учаскесі барлық көлік түрлері үшін жабылды, сондай-ақ Алматы облысында бір учаскеде жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Жабылған жол учаскелері:

Алматы облысы

  • «Көкпек-Кеген-Қырғызстан шекарасы» – 0-72 шақырым, Көкпек ауылы – Кеген ауылы бағыты.
  • «Алматы-Тау турбазасына кіреберіс жол» – Тұздыбастау – Бесқайнар ауылдары арасындағы 0-15 шақырым учаске.

Қызылорда облысы

  • «РФ шекарасы – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Хоргос – Қытай шекарасы» – 1474-2046 шақырым, Әйтеке би ауылы – Бесарық ауылы аралығы.
  • «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» – 12-216 шақырым, Қызылорда қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейін.

Ұлытау облысы

  • «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» – 216-424 шақырым, Қызылорда облысы мен Жезқазған қаласы аралығы.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға ауа райының қолайсыздығы кезінде, әсіресе қараңғы уақытта, алыс жолға шықпауды сұрайды.