Жаңалықтар

Қазақстан банктері Ресейдің санкцияға ұшыраған хабарламалар жүйесін пайдаланбайды

Қазақстан банктері Ресейдің санкцияға ұшыраған Қаржы хабарламаларын жіберу жүйесін пайдалануды толық тоқтатқан. Бұл туралы KursivMedia басылымына Ұлттық банк хабарлады.

2025 жылдың 24 ақпанында Еуропалық Одақ Ресейге қарсы 16-шы санкциялық пакетін жариялады. Қара тізімде Ресейдің Қаржы хабарламаларын жіберу жүйесі де бар.

Қазақстанның «Ұлттық төлем корпорациясы» (ҰТК) осы жүйемен интеграцияланған болатын. Корпорация 2024 жылдың шілде айынан бастап аталмыш жүйемен интеграцияланған болатын. Сол кездері Ресейдің Қаржы хабарламаларын жіберу жүйесін Bereke Bank-тің де пайдаланатыны айтылған еді.

Реттеуші редакцияның «Қазіргі уақытта «Ұлттық төлем корпорациясы» Ресейдің санкцияға ұшыраған Қаржы хабарламаларын жіберу жүйесімен жұмыс жүргізе ме?» деген сауалын нақты жауап бермеген. Десе де жүйенің қаржы ұйымдары арасында қаржылық хабарламалармен алмасудың жергілікті жүйесі екенін атап өткен.

Еуроодақтң 16 санкциялық тізіміне 48 жеке тұлға мен 35 ұйым кірді. Қара тізімде 2 қазақстандық компания да бар.