1 жыл бойы Қазақстан көліктерін өткізбей келген Ресей-Беларусь шекарасы енді ашық

Жарияланды
Ресей-Беларусь шекарасы бойындағы шектеулер алынып, қазақстандық кәсіпкерлер ЕО-ға еркін тауар тасымалдац алады / Фото: shutterstock

2024 жылдың қаңтарында қазақстандық жүргізушілердің өтуіне тыйым салынған Ресей-Беларусь шекарасы қайта ашылды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасында жедел келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде 2024 жылғы 12 қаңтарда қазақстандық тасымалдаушылар үшін «Езерище-Невель» (Лобок) шекара өткелі ашылды», – деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қашан тыйым салынды?

2024 жылдың 8 қаңтарында Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің Шекара қызметі шетелдік тасымалдаушыларға, соның ішінде қазақстандық тасымалдаушыларға Ресей-Беларусь шекарасын кесіп өтуге толық тыйым салған болатын. Тыйымға байланысты Еуроодақ елдерінен Беларусь аумағы арқылы және оған қарсы бағыттағы барлық транзиттік жолдары жабылды.

ЕАЭО ережелерін негізсіз бұзған?

Бұдан кейін Қазақстан тарапы бұл мәселені шешуге кірісті. Қазақстан тарапы Еуразиялық экономикалық комиссияға бұл мәселені тосқауыл ретінде қарастыруды ұсынып, бірталай жин өткізген. Жиында қазақстандық сарапшылар Ресейдің ЕАЭО туралы шарттың қозғалыс еркіндігін қамтамасыз ету бөлігіндегі ережелерді сақтамай отырғанын алға тартқан. Еуразиялық экономикалық комиссияның тосқауыл белгілері бар екенін растаған.

Ал консультациялардың нәтижесінде ресейлік тарап екі ел арасындағы шектеуді алып тастауға келіскен.

Шекарадан кімдер өте алады?

«Келісім негізінде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Ресей-Беларусь шекарасы арқылы, оның ішінде бұрын тек Ресей мен Беларусь азаматтары үшін ашық болған жер учаскесін кесіп өту тәртібін реттейді», – делінген хабарламада.

2025 жылдың 25 ақпанында Еуразиялық экономикалық комиссия ресейлік тарап аталған Келісімнің 2025 жылдың 11 қаңтарда күшіне енуіне байланысты ағымдағы шектеуді алып тастау туралы ақпарат жіберген.

Бүгінгі таңда қазақстандық кәсіпкерлерге алты бағыт бойынша шектеулер алынған. Олар келесідей:

  • Юховичи – Долосцы;
  • Езерище – Невель;
  • Лиозно – Кругловка;
  • Редьки – Красная Горка;
  • Звенчатка – Дубовичка;
  • Селище – Новозыбков.

2024 жылдың басында шектеу енгізілгеннен кейін қазақстандық кәсіпкерлер Көлік министрлігіне жүгініп, қазақстандық жүк тасымалдау нарығын Ресей мен Беларусьтен келген релокант компаниялар басып алғанын айтып жағдайды реттеуді талап еткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз