Қазақстандықтар бір жылда 1,2 трлн теңгеге микронесие алған

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Микронесиелер көлемі артып жатыр / Фото: ашық дерек

2025 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша, Қазақстандағы микроқаржы ұйымдарының активі 3,0 трлн теңгені құрады. Өткен жылдың төртінші тоқсанында активтер көлемі 2,1%-ға көбейген. Өсімнің негізгі себебі – микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) несие портфелінің ұлғаюы, деп хабарлайды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен.

Активтер құрылымы:

  • МҚҰ – 1,7 трлн теңге (57,4%)
  • Кредиттік серіктестіктер – 0,9 трлн теңге (29,6%)
  • Ломбардтар – 0,4 трлн теңге (13,1%)

Микрокредиттер және несие портфелі

2024 жылдың төртінші тоқсанында микроқаржы ұйымдарының несие портфелі 2,0%-ға өсіп, 2,8 трлн теңгеге жетті.

  • Бизнеске берілген кредиттер – 58,9%
  • Жеке тұлғаларға берілген кредиттер – 41,1%

Бизнеске берілген қарыздар 2024 жылдың төртінші тоқсанында 0,1%-ға артып, 1,6 трлн теңгеге жетті. Өсу МҚҰ-ның жеке кәсіпкерлерге бизнес мақсатында берген микрокредиттерімен байланысты.

Халыққа берілген микрокредиттердің көлемі 1,2 трлн теңгені құрап, 4,7%-ға артты.

  • МҚҰ халыққа беретін микрокредиттердің үлесі – 77%
  • 2024 жылдың ішінде халыққа берілген қарыздар көлемі 12,9%-ға өсті

Қарыз қайтару деңгейі және міндеттемелер

  • 90 күннен аса мерзімі өткен (NPL 90+) қарыздардың деңгейі 4,5% (2024 жылы 4,0% болған).
  • Микроқаржы ұйымының міндеттемелері 2024 жылдың төртінші тоқсанында 0,5%-ға өсіп, 2,0 трлн теңгеге жетті.
Сондай-ақ оқыңыз