
Ұлттық қорды басқару кеңесінің жаңа өкілеттіктері пайда болады. Енді ол республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт мөлшерін анықтау және балама қаржыландыру көздері болмаған жағдайда ел үшін маңызды нысандар мен жобаларды айқындау бойынша ұсыныстар әзірлейді. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталындағы құжатта жазылған.
Үкімет Ұлттық қорды басқару кеңесін қосымша функциялармен қамтамасыз етуді ұсынатын құжатты Тоқаевтың қарауына ұсынады. Егер жоба қабылданса, кеңес:
- Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт мөлшерін анықтау бойынша ұсыныстар әзірлейді;
- Балама қаржыландыру көздері болмаған жағдайда ел үшін маңызды нысандар мен жобаларды анықтау бойынша ұсыныстар әзірлейді.
Бұған дейін де кеңес қорды қалыптастыру мен пайдаланудың тиімділігін арттыру, БЖЗҚ-ның активтерін басқару бойынша ұсыныстар әзірлеген. БЖЗҚ қызметі туралы жылдық есепті қараған еді.
Ұлттық қорды басқару кеңесінің құрамы
2004 жылы құрылған кеңес құрамына мыналар кіреді:
- Қазақстан Республикасының Президенті (кеңес төрағасы);
- Премьер-министр;
- Сенат төрағасы (келісім бойынша);
- Мәжіліс төрағасы (келісім бойынша);
- Президент әкімшілігінің басшысы;
- Ұлттық банк төрағасы;
- Премьер-министрдің бірінші орынбасары;
- Жоғары аудиторлық палата төрағасы;
- Қаржы министрі;
- Ұлттық экономика министрі.
Қордың қызметі мен зейнетақы активтерін басқару мәселелерін талқылау үшін кеңес мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өкілдерін тартады. Кеңес отырыстары жылына кемінде бір рет өткізіледі. Шешімдер көпшілік дауыспен қабылданады.
Құжаттың жобасы 3 наурызда жарияланды және 19 наурызға дейін қоғамдық талқылауда болады.
Үкімет Ұлттық қордың өзіне қатысты да өзгерістер енгізді. Енді келесі жылдан бастап қордан алынатын нысаналы трансферт көлемін қатаң шектеуге ниетті. Ол кепілдендірілген трансфертттің 30%-нан аспауы тиіс болады.