Банк пен қаржы

Түрік компаниясы Маңғыстауда 675 млрд теңгенің химия зауытын салады

Қазақстан ESTA Construction компаниясымен 1,35 млрд доллардың инвестициялық келісіміне отырады / фото: t.me/KZgovernment

4 наурызда Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов ESTA Construction компаниясының бас директоры Мұстафа Топракпен кездесті. Олар Маңғыстауда 1,35 млрд доллардың ірі газ-химия зауытын салу мәселесі талқыланды.

Қымбат жоба

Бектенов осы компаниямен екі апта ішінде құны 1,35 млрд доллар(675 млрд теңге) болатын инвестициялық келісім жасауды тапсырды.

Үкіметтің ресми мәліметінше, жоба Маңғыстауда «Құрық» теңіз порты маңында ірі газ-химия өндірісін құруды көздейді. Зауыт салынатын орын өнімді теңіз арқылы экспорттауға оңтайлы жер ретінде таңдалды.

Зауыт жылына 700 мың тоннаға дейін карбамид және 42 мың тонна аммиак өндіреді. Соның арқасында елде тыңайтқыш импортына тәуелділік азайып, ауыл шаруашылығын сапалы өнім түседі.

Маңғыстауда жаңа жұмыс орны ашылады

Жобаны іске асыру барысында 3 мыңға жуық маман тартылады. Құрылыс жүріп жатқан уақытта 400 тұрақты жұмыс орны ашылады.

«Мемлекет басшысы еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға көңіл бөлді. Былтыр өнім жинау бойынша рекорд жаңарды. Үкімет диқандарды қолдауға 700 млрд теңге бөлді.

Маңызды мәселе – сапалы әрі арзан минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету. Сондықтан сіздің жобаңыз карбамидке ішкі сұранысты қамтамасыз ету, сонымен бірге оны импорттау тұрғысынан біздің қызығушылығымызды тудырып отыр»,
— деді премьер-министр.

Маңғыстауда ірі зауыт салуды көздейтін инвестициялық келісімді екі аптаның ішінде қабылдау уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырылды.

Қазір Қазақстанда үш түрлі тыңайтқыш өндіріледі: аммиак селитрасы, аммофос және аммоний сульфаты.

ESTA Construction ресми сайтындағы мәліметте әлемдегі ең ірі 100 құрылыс компаниясының бірі екені айтылған. 2006 жылы Мәскеуде құрылған компания Түркия, Ресей, Беларусь, Молдова, Болгария, Грузия, Әзербайжан, Армения, Қазақстан және басқа да елдерде құрылыс жүргізген.