Жаңалықтар

Қазақстандықтар наурыз айында қандай салықтарды төлеу керек

Салық есебін «Салық төлеуші ​​кабинеті» арқылы тапсыруға болады / Коллаж: kursiv.media архиві

Қазақстандықтар наурыз айында бірқатар салық түрлерін төлеп, кейбірінің есебін тапсыру қажет болады. Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті қандай салықтарды және қашан төлеу керектігін түсіндірді.

Салық есептері

1 наурызда 400.00 және 421.00 нысандарын 2025 жылдың қаңтар айына тапсыру қажет – акциз бойынша декларация және салық салуға қатысты құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп.

20 наурызда 328.00 нысанын ақпан айы үшін тапсыру керек. Бұл –тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.

31 наурызда:

  • 100.00, 110.00, 150.00, 180.00 нысандары 2024 жылға – КТС бойынша декларация;
  • 101.04 нысаны 2024 жылдың 4-тоқсанына – бейрезиденттің табысынан төлем көзінде ұсталған КТС бойынша есеп;
  • 220.00 нысаны 2024 жылға – ЖТС бойынша декларация (жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін АСР қолданатын ЖК үшін);
  • 240.00 нысаны 2024 жылға – ЖТС бойынша декларация (бейрезидент және резидент-еңбек иммигранттары үшін);
  • 540.00 нысаны 2024 жылға – үстеме пайда салығы бойынша декларация;
  • 700.00 нысаны 2024 жылға – жер салығы, мүлік салығы, көлік салығы бойынша декларация;
  • 871.00 нысаны 2024 жылға – жалға беру шарттары тізілімі;
  • 912.00 нысаны 2024 жылға – тіркелген шегерім пайдаланылатын АСР бойынша декларация;
  • 920.00 нысаны 2024 жылға – бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияны тапсыру керек болады.

Қандай салық төлеу керек?

20 наурызда:

  • 2025 жылғы ақпан айына ЕАЭО-да ҚҚС;
  • 2025 жылғы ақпан айына акциз, ЕАЭО-дан импортталған тауарларды қоса алғанда.

26 наурызда:

  • 2025 жылдың наурыз айындағы КТС аванстық төлемдері;
  • 2025 жылдың ақпанында төленген табыстардан КТС, ЖТС;
  • Арнайы мобильді қосымшаны қолдана отырып АСР қолданатын ЖК-нің 2025 жылдың ақпан айындағы табыстарынан ЖТС;
  • 2025 жылғы ақпанға арналған бірыңғай төлем, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар, МЗЖ, МКЗЖ, ЖБМЗЖ.
  • Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны, радиожиілік спектрін пайдаланғаны, қалааралық немесе халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияны пайдаланғаны, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін алым.

Есепті kgd.gov.kz сайтындағы «Салық төлеуші ​​кабинеті» арқылы, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары мен e-Salyq Business көмегімен тапсыруға болады.