
Ақын Ханбибі Есенқарақызы «жала жапқаны үшін» баспагер Бақытжан Бұқарбайды сотқа бергенін хабарлады.
Ханбибі Есенқарақызы баспагердің марқұмның бала-шағасына көңіл айтпады дегені жалған екенін айтады.
«Мені «көңіл айтпады» деп кінәлайды. Ертерек барған соң, ағаның туған-туыстарымен құшақтасып көрісіп, «қазаның артынан қайырын берсін» деп жұбату сөзін айтқанымда, әттең жанымда «Бақытжан Бұқарбаевтың болмағаны «өкінішті-ақ» » деп жазды ол баспагердің өзін сынап жазған жазбасына.
Ал сыйлық мәселесін даулайтын ойы болмағанын атап өтті.
«Дулат ағаның менің прозаға келуіме септігін тигізгендігін, повесімді оқып болып, «құттықтаймын» дегенін тіптен «Үркер» бағдарламасында Смағұл Елубаев екеуінің берген бағасын (дәлел керек болса), ол кісінің рухани қолдауын, қамқорлығын жеткізейін деген ой болатын. Оны не үшін айттым? Мемлекеттік сыйлықтағы комиссия мүшелерінің «ол ақын ғой (бір өлеңімді оқымаса да)», прозада несі бар? дегендердің құлағына қыстыра кетейін дегендік еді. Өйткені сол комиссия мүшелері түгелімен сонда отырған», – дейді ақын қаралы жиында сыйлық туралы сөздерінің мәнін түсіндіріп.
Ханбибі Есенқарақызы баспагер Бұқарбай жазушы Құлбек Ергөбектің ойын жариялағанын, екеуін де сотқа бергенін мәлім етті.
Бұған дейін Бақытжан Бұқарбай Ханбибі Есенқарақызы жуырда өмірден өткен жазушы Дулат Исабековтің қаралы жиынында марқұмның бала-шағасына көңіл айтудың орнына сыйлық ала алмай жүргенін сөз қылды деп ақынды сынаған.