Жаңалықтар

BYD енді Қазақстанда: «Астана Моторс» бренд жұмысын бастағанын ресми түрде мәлімдеді

Қытайдың автоөндіріс саласындағы әлемдік алыбы BYD Қазақстанда ресми түрде ұсынылды. Астана мен Алматыда BYD-дің 4 дилерлік орталығында бір уақытта өткен брендтің таныстырылымын 600-ден астам қонақ тамашалады.

BYD Al-Farabi флагмандық дилерлік орталығы. Фото «Астана Моторс»
BYD Al-Farabi флагмандық дилерлік орталығы. Фото «Астана Моторс»

Елдің автомобиль нарығында инновациялық және экологиялық көліктерге қызығушылық артып келе жатқандықтан, аталған оқиға көпшілік күткен жаңалық болды. Дистрибьюциядағылар BYD таныстырылымының қарсаңында өткен баспасөз жиынында брендтің артықшылықтары мен Қазақстандағы даму жоспарлары туралы айтып берді.

Қарқынды даму мен Қазақстан нарығына бейімделу

30 жыл бұрын құрылған BYD өз жолын аккумуляторлы батарея өндірісінен бастаған. Компания 2003 жылы автоөнеркәсіп саласына кіріп, екі жылдан кейін өзінің алғашқы автокөлігі – бензинді седан F3-ті шығарды. Ал 2008 жылы алғашқы гибридті көлігін таныстырды. Бүгінде BYD жаңа энергия көздерімен жүретін 10 миллионнан астам көлік өндіріп, NEV индустриясында әлемдік көшбасшыға айналды. Егер BYD компаниясына алғашқы 5 миллион автокөлікті жасап, сатуға 15 жыл қажет болса, келесі 5 миллионды небәрі 15 айда шығарған. 2024 жылы компания 4,3 миллион автокөлік сатып, сатылымды өткен жылмен салыстырғанда 41%-ға арттырды. Осының арқасында BYD әлемде төртінші орынға көтеріліп, Toyota, Volkswagen және Ford-тан кейінгі позицияны иеленді.

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - image002-1024x683.jpg

BYD HAN толық жетекті бизнес-класс седаны. Фото «Астана Моторс»

Таңғаларлық жетістікке бірнеше фактор әсер етті. BYD автокөліктеріне арналған бөлшектердің 80-90%-ын өзі өндіреді. Тек шина, әйнек пен тежегіш жүйесінің кейбір элементтері басқа өндірушілерден алынады. Сонымен қатар, бренд шығындарды азайтып, жаңа модельдерді шығаруды жеңілдететін бірегей 3.0 платформасын қолданады. Бұған қоса, BYD аса маңызды ресурстар литий мен графит өндіретін жеке кәсіпорынға ие, бұл аккумулятор өндіру мен жеткізудің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Қазақстан нарығына ресми кірерден бұрын BYD инженерлері автокөліктерді жергілікті климат пен жол жағдайына бейімдеген. Оның аясында гибридті нұсқалар үшін қазақстандық жанармай сапасын ескеретін басқару блоктарының баптаулары жасалып, мультимедиялық жүйе интерфейсі қазақ және орыс тілдеріне аударылды. Сонымен қатар дауыспен навигацияны, климат-бақылауды және мультимедианы басқаруға болады. 

Дилерлік желі және модельдік қатар  

Бүгінде Астана мен Алматыда төрт ресми дилерлік орталық жұмыс істейді: BYD Al-Farabi, BYD Turan, BYD Kuldzhinka және BYD Mycar Astana. Алдағы жылдары «Астана Моторс» құрамына кіретін BYD брендінің дистрибьюторы елдің ірі қалаларында дилерлік желіні айтарлықтай кеңейтуді жоспарлап отыр. 

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - image003-1024x683.jpg

BYD SONG PLUS DM-i гибридті кроссовері және BYD HAN толық жетекті бизнес-класс седаны. Фото «Астана Моторс»

Қазіргі уақытта қазақстандықтарға BYD-дің үш моделі қолжетімді:  

– BYD SONG PLUS EV – электрлі кроссовер;

– BYD SONG PLUS DM-i – гибридті нұсқа (кроссовер);

– BYD HAN – толық жетекті бизнес-класс седаны.  

Автокөліктердің бағасы 15,7 миллион теңгеден басталады. Жақын арада нарыққа тағы екі модель қосылады: шағын кроссовер Yuan Up және орташа көлемді Sea Lion 07 кроссовері.

BYD-дің технологиялық артықшылығы  

Барлық BYD автокөліктері бірегей литий-темір-фосфатты Blade Battery аккумуляторымен жабдықталған. Бұл – автоконцерн инженерлерінің әлемдік деңгейде мойындалған революциялық жаңалығы. 2024 жылы Blade аккумуляторы Ұлыбританиядағы Electrifying.com платформасының «2024 жылдың инновациясы» марапатына лайық деп танылды.  

BYD аккумуляторы беріктігі жоғары компоненттерден жасалған, құрамында кобальт жоқ әрі жылу бөлу деңгейі төмен. Сынақ нәтижелері батарея тіпті экстремалды жағдайларда да өзінің қасиетін жоғалтпайтынын көрсеткен. Мәселен, шеге тескен жағдайда тұтанбайды, тұрақтылығын сақтайды. Сондықтан автоэксперттер Blade Battery-ді әлемдегі ең қауіпсіз аккумулятор деп санайды. Сонымен қатар, батареяның энергия сыйымдылығы жоғары және қызмет ету мерзімі ұзақ.

Ресми BYD автокөліктеріне кепілдіктер және сервис  

Қазақстандағы ресми дилерлер Blade аккумуляторына 8 жыл, ал автокөліктерге 6 жыл немесе 150 000 км кепілдік береді. Сондай-ақ BYD және оның Leopard (BOA), Denza, Yangwang сияқты суббрендтеріне сервистік қызмет көрсетеді. Ұзақ мерзімді қолдау BYD брендін болашақ автокөлік иелері үшін тартымды етеді. 

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - image004-1024x683.jpg

Алматыдағы BYD Al-Farabi дилерлік орталығындағы сервис бөлімі. Фото «Астана Моторс»

Сервистік орталықтар BYD-дің түпнұсқалық арнайы құралдарымен жабдықталған, сондай-ақ кең ассортименттегі қосалқы бөлшектер, майлайтын материалдар мен аксессуарлар бар. Одан бөлек, орталықтар Италия, Жапония, Германия елдерінің Ravaglioli, Space, Texa, Makita сияқты танымал өндірушілерінің құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Дистрибуция өкілдерінің айтуынша, техникалық персонал BYD инженерлерінен жоғары кернеулі жүйелермен жұмыс істеу, жаңа энергия көздеріндегі көліктерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша арнайы оқудан өткен.

Алғашқы сатылымдар және ауқымды жоспарлар  

BYD автокөліктерінің Қазақстандағы ресми сатылымы 2025 жылдың 6 қаңтарында басталды. Дистрибьютор электр және гибридті көліктер нарығында айтарлықтай үлеске ие болуды көздейді. Бұл ретте басымдық бірқатар артықшылықтары бар DM-i технологиясымен жабдықталған гибридтерге беріледі. Осы жүйенің арқасында, мәселен SONG PLUS DM-i кроссоверінің жанармай шығыны төмен (100 км-ге 4,7 литр), ал жүріс қоры үлкен – 1200 км. Алғашқы сатып алушылар Қазақстанның қазіргі жағдайында бұл үздік нұсқа екенін айтып жатыр.

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - image005-1024x682.png

Қазақстандағы BYD брендінің алғашқы клиенттері. Фото «Астана Моторс»

«Төрт жыл бұрын өзіме келесі көлігім гибрид болады деп айттым. Себебі ол бірден электр қуатымен қозғалады. Яғни, педальді басып, күтудің қажеті жоқ – бірден жүре бересің. Екіншіден, ұзақ қашықтыққа еркін жүруге болады. Қалада электр қуатын пайдаланып, ал алыс сапарға шыққанда бакты бензинмен толтырасың. Бұл – еркіндік сыйлайды. Өте ыңғайлы әрі әмбебап нұсқа», – деп атап өтті SONG PLUS DM-i кроссоверінің иесі Максим Толмачев.

«Астана Моторс» гибридті автокөліктер қазақстандықтардың іштен жанатын қозғалтқыштан электр көліктеріне ыңғайлырақ көшуіне мүмкіндік береді деп санайды. Бүгінде Қазақстанда «жасыл» көлікке арналған инфрақұрылым енді дами бастады. «Астана Моторс» еншілес MyCharge компаниясы арқылы Қонаев, Астана және Алматы қалаларында 16 электр қуаттау станциясын салу арқылы бұл процеске өз үлесін қоспақ.

Оның үстіне жаңа энергия көздерімен істейтін автокөліктер айтарлықтай қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді – жылына 500 мың теңгеге дейін, ал 5 жылда 2,5 миллион теңгеге дейін үнемдеуге болады. Бұл есептер әзірге алдын ала жасалғанымен, әсіресе таңдау жасамаған ықтималды автокөлік иелері үшін тартымды болып отыр.