Трамп Зеленскийден келіссөзге дайын екені туралы хат алғанын мәлімдеді

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Трамп Зеленскийден келіссөздерге дайын екені туралы хат алғанын мәлімдеді
Трамп Зеленскийден келіссөзге дайын екені туралы хат алғанын мәлімдеді/Фото:
REUTERS

АҚШ президенті Дональд Трамп Конгрестің екі палатасына жолдаған үндеуінде Украина президенті Владимир Зеленскийден хат алғанын айтты.

Онда Зеленский Украина бейбіт келіссөзге барынша тез отыруға дайын екенін мәлімдеген. Трамптың айтуынша, Ресей тарапынан да бейбітшілікке дайын екені туралы сигналдар келген.

«Бүгін мен Украина президенті Зеленскийден маңызды хат алдым. Хатта «Украина берік бейбітшілікке қол жеткізу үшін мүмкіндігінше тезірек келіссөздер үстеліне отыруға дайын. Украиналықтардан артық бейбітшілікті ешкім қаламайды» делінген» деді ол.

Трамп Зеленский сонымен қатар кез келген уақытта пайдалы қазбаларды өндіру туралы келісімге қол қоюға дайын екенін білдіргенін атап өтті

АҚШ президенті хат үшін алғысын білдіре отырып: «Біз Ресеймен де маңызды келіссөздер жүргіздік және олардың бейбітшілікке дайын екендігі туралы нақты сигналдар алдық» деп қоса кетті.

Трамп өз сөзінде алдыңғы күні жарияланған Киевке әскери көмекті тоқтату мәселесіне тоқталған жоқ.

Бұған дейін, Зеленский өткен жұма күні Ақ үйде Трамппен келісе алмағынана өкінетінін, соғысты аяқтау бойынша жаңа жоспар әзірлегенін мәлімдеген.

Сондай-ақ оқыңыз