Ақпанда қызмет көрсету секторындағы іскерлік белсенділік баяулады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
іскерлік белсенділік
Қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік баяулады/Фото: shutterstock

Ақпан айында Қазақстанның қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік өсімі елеусіз ғана болды. Freedom Holding Corp. және S&P Global деректері негізінде PMI индексі 50,2 деңгейінде қалыптасты. Қаңтардағы 51,3 көрсеткішінен төмен. Бұл Қазақстандағы қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік баяулағанын байқатады.

Бәсекелестік күшейіп, шығындар өсті

Респонденттердің пікірінше, бәсекелестіктің артуы бизнестің дамуына кері әсерін тигізген. Сонымен қатар шығындар инфляциясы жоғары деңгейде сақталып отыр

Өндірістік шығындар үш ай қатарынан өсіп, соңғы бір жылдағы ең жоғары деңгейге жеткен. Осыған байланысты көптеген компания бағаны көтеруге мәжбүр болды.

Алдағы жылға деген сенім жоғары

Жағымды жаңалық – қызмет көрсету секторының кәсіпкерлері болашаққа оптимистік көзқараспен қарайды. Алдағы 12 айда іскерлік белсенділік артады деген үміт 11 ай ішіндегі ең жоғары деңгейге жеткен.

Бұл жаңа жобалардың іске қосылуы, сұраныстың артуы және инвестицияның көбеюі мүмкін екенін білдіреді.

Ақпан айында қызмет көрсету саласының өсімі бәсеңдегенімен, нарық қатысушылары алдағы уақытта жағдай жақсарады деп үміттенеді. Дегенмен инфляция мен шығындардың көтерілуі компаниялар үшін басты қауіп болып қала бермек.

Сондай-ақ оқыңыз