
5 наурызда қолайсыз ауа райына байланысты Қазақстанның үш өңірінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.
Қызылорда облысында жабылған жолдар
Ресей шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – Қытай шекарасы» автожолында
• 1240-1362 шақырымдары (Ақтөбе облысының шекарасы – Арал қаласы)
Батыс Қазақстан облысында жабылған жолдар
«Ақтөбе – Орал – Ресей шекарасы» автожолы
• 394-526 шақырымдары (Жымпиты ауылы – Ақтөбе облысының шекарасы)
Ақтөбе облысында жабылған жолдар
«Ресей шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – Қытай шекарасы» автожолы
• 776-1240 шақырымдары (Ақтөбе қаласы – Қызылорда облысының шекарасы)
«Ақтөбе – Орал – Ресей шекарасы» автожолы
• 526-675 шақырымдары (БҚО шекарасы – Сарытоғай ауылы)
«Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – Ресей шекарасы» автожолы
• 14-104 шақырымдары (Ақтөбе қаласынан Қандыағаш қаласына дейін)
Жолдардың ашылу уақыты
Алдын ала жоспар бойынша жолдар 6 наурыз 2025 жылы сағат 08:00-де ашылады.
Жүргізушілерге жолға шықпас бұрын ауа райы болжамын және жолдардағы шектеулер туралы мәліметтерді тексеруге кеңес беріледі.