Lifestyle

Жәнібек Әлімханұлының Астанада өтетін жекпе-жегіне билеттер сатылымға шықты

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегіне билеттер сатылымға шықты / фото: ашық дереккөз

5 сәуірде Астанада өтетін бокс кешіне билеттер сатылымға шықты. Бұл кештің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы француз боксшысы Анауэль Нгамисенгуемен қолғап түйістіреді.

Билеттердің бағасы қанша?

«Яндекс Афиша» сайтында жанкүйерлер үшін әртүрлі билет бағалары жариялаған:

  • Ең арзан билет – 20 000 теңге,
  • Ең қымбат билет – 255 000 теңге,
  • Сондай-ақ, 25 000 – 180 000 теңге аралығындағы билеттер де бар.

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегінен бөлек, бұл кеште Сұлтан Заурбек, Батыржан Жүкембаев қазақстандық үздік боксшылар да өнер көрсетеді.

Бұл бокс кеші Қазақстандағы жылдың ең үлкен спорттық оқиғаларының бірі болмақ. Билеттер сатылымға шыққандықтан, жанкүйерлер алдын ала қамданып, билеттерді сатып ала алады.