Бейжіңдегі елші: Қазақстан мен Қытай ғылым жетістіктерін дамытуға күш салады

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
2024 жылы Қазақстан мен Қытай саудасы 9%-ға артып, 43,8 млрд долларға жетті / Фото: ашық дерек

Қазақстан мен Қытай шикізат, ғылыми-техникалық инновация, авация және ғарыш салаларын дамытуға күш салады.

Қазақстанның Бейжіңдегі елшісі Шахрат Нұрышев «Синьхуанет» сайтына сұқбат беріп, екі ел арасындағы қарым-қатынас, Қытай экономикасының дамуы және басқа да мәселелер жөнінде сөйледі.

Елші 2024 жылы Қазақстан мен Қытай сауда, экономика, мәденет, білім және гуманизм салаларындағы әріптестікті қарқынды дамытқанын атап өтті.

«ҚХР кеден басқармасының мәліметінше, Қазақстан мен Қытай сауда айналымы былтыр 43,8 млрд долларға жетті. Тараптар минералды ресурстар, балама қуат көздері, ғылыми-техникалық инновация, авиация және ғарыш салаларын бірлесе дамытуға келісті», – дейді Нұрышев.

Былтыр жазда Бейжіңде Қазақстанның, ал Астанада Қытайдың мәдени орталықтары ашылды. Елшінің пікірінше, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту достық пен қарым-қатынасты нығайтуға үлес қосады.

«2025 жыл, әлбетте, жаңа маңызды оқиғаларға толы болады», – дейді ол.

Елшінің айтуынша, әлемдегі күрделі экономикалық жағдай мен геосаяси дүрбелеңге қарамастан, Қытай ішкі жалпы өнім өсімін 5 пайызға жеткізе алды. Сөйтіп Қытайдың ғаламдық дамудағы үлесі зор екенін әлемге тағы көрсетті.

Дипломаттың пікірінше, Қытайдың экономикалық дамуы ғаламдық экономика дамуына тікелей әсер етіп отыр. Оның экономикасының одан әрі шарықтауы әлемге көптеген мүмкіндік әкеледі.

Сондай-ақ оқыңыз