Алматыда колонияның бұрынғы бастығы ұсталды

Жарияланды
GENERAL NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Алматыда түрменің бұрынғы бастығы ұсталды
Колонияның бұрынғы бастығы ұсталды/фото:kursiv.media

Алматыда қауіпсіздігі төмен колонияның бұрынғы бастығы Бекзат Әкімбай ұсталды. Ақпаратты Kursiv.Media тілшісіне Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі растады.

«Азамат ұсталған кезде ішкі істер органдарында қызмет етпеген. Оған қатысты құзыретті органдар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр», – делінген ресми жауапта.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеу саясатын ұстанатынын және тергеу жүргізетін органдарға жан-жақты жәрдем көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

БАҚ-та Бекзат Әкімбайдың қылмыстық-атқару жүйесінің №13 мекемесін басқарғаны, оның жұмыс кабинетінде ұсталғаны айтылды.

Сондай-ақ оқыңыз