Жаңалықтар

Ақтөбеде жасөспірімнің қазасы бойынша істе 10 адам сотталуы мүмкін

Ақтөбеде жасөспірімнің қазасы бойынша істе 10 адам сотталуы мүмкін
Ақтөбеде жасөспірімнің қазасы бойынша істе 10 адам сотталуы мүмкін/Фото: Depositphotos

Ақтөбеде жаппай төбелес салдарынан қаза тапқан жасөспірімнің ісі сотқа жолданды. Іс аясында 10 адам күдікті ретінде танылған.

Мән-жайы

Өткен жылдың мамыр айының соңында Ақтөбе қаласының шетінде жасөспірімдер төбелесіп, 8 адам атыс және пышақ жарақатын алып, 1 адам қаза тапқан. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, марқұмды автокөлікпен қағып, оған көптеген пышақ жарақатын салған. 

Тергеу

Облыстық полиция Департаменті ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастап, қылмысқа қатысы бар 10 адам қамалған.

Іс сотқа жолданды

 26 ақпан күні облыс прокуратурасы айыптау актісін жасақтап, істі қарау үшін Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолдаған.

Қазіргі уақытта тағы бір жасөспірім Шерзат Полаттың ісін тергеу аяқталған. Енді тараптар іс материалдарымен танысып болған соң, іс сотқа жолданады.