
Франция Украинамен әскери барлау деректерімен бөліседі. Вашингтон өзінің барлау деректерімен бөлісуді тоқтатқанын мәлімдеген соң, француз барлау қызметі Украина әскерімен өз деректерімен бөлісу туралы шешім қабылдаған. Бұл туралы France24 басылымы хабарлады.
«Вашингтон барлау деректерімен бөлісуді тоқтатқан соң, Франция Украинаға барлау ақпаратын беріп жатыр. Біз украиндықтарға өзіміз жинаған деректерді жібереміз», – деп мәлімдеген Францияның қорғаныс министрі Себастьян Лекорню.
Вашингтон мәлімдемесі
5 наурыз, сәрсенбі күні Вашингтон Киевпен барлау мәліметтерін алмасуды тоқтататынын мәлімдеді. Бұл туралы АҚШ Орталық барлау қызметінің директоры Джон Рэтклифф мәлімдеген. Ал Украина тарапы АҚШ-тың барлау деректерін беруді толық тоқтатпағанын, тек Ресейдің ішкі аумағына қатысты мәліметтер шектелгенін жеткізген.
Макрон не деді?
Дональд Трамп пен Владимир Зеленский бір келісімге келе аламаған соң, соғыстың ауыр жүгі Еуроодақ елдеріне түсіп жатыр. Еуропа Украинаның жеңілуіне жол бергісі келмейді. Бүгін, 6 қаңтарда Франция президенті Эммануэль Макрон Укаинаның капитуляция жасауын қаламайтынын жеткізді. Макрон Ресейдің Еуропа елдеріне қауіпті екенін, бұл орайда Украинаның шешуші рөл ойнайтынын айтқан. Тіпті қажет болса, күн тәртібіне ядролық тежеу мәселесін шығаратынын мәлімдеген.