АҚШ Жоғары Соты USAID қаржыландыруын тоқтату туралы бұйрықтың күшін жойды

USAID арқылы қаржыландырылатын жобаларға бөлінген 2 млрд доллар көмек тоқтамауы керек. АҚШ-тың Жоғарғы соты Трамп әкімшілігінің шетелдік жобаларға қаржы бөлуді тоқтату деген шешімінің күшін жойды. Forbes жазуынша, бұл – Трамптың екінші президенттік мерзіміндегі алғашқы маңызды соққылардың бірі.
Трамп әкімшілігі аталған шешімді «президент өкілеттігін төтенше түрде басып алу» деп атады. Дегенмен Жоғарғы соттың шешімін республикалық бас судья Джон Робертс пен Трамптың бірінші президенттік мерзімінде өзі тағайындаған судья Эми Кони Барретт қолдады. Сот төменгі инстанцияның шетелдік көмекті уақытша тоқтату шешімін заңсыз деп тауып, әкімшілікті оны қайта ашуға міндеттеді.
Трамп президенттікке келгеннен кейін, белсенді кіріскен жобалардың бірі – АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің жұмысын тексеру. Илон Маск басқаратын DOGE ұйымы USAID қаржысы негізсіз жаратылған деп шешті. Трамп пен оның одақтастары USAID келісімдерінің шамамен 90%-ын қысқартуды және шетелдік көмекке бөлінетін қосымша 60 млрд долларды жоюды жоспарлап отыр.
Ақпанның соңында агенттіктің 2000 қызметкері жұмыстан шығарылады, ал қалған штаттық қызметкерлердің басым бөлігін демалысқа жіберді.
Осыдан кейін агенттік арқылы қаржыландыратын ұйымдар Трамп әкімшілігінің шешіміне қарсы болып, шағым түсірді. АҚШ Федералды соты президенттің халықаралық жобалардың қаржыландыруын үш аптаға тоқтату туралы қаулысының күшін жойды. Сондай-ақ Президент әкімшілігін сыртқы көмек бойынша жұмысты тез арада қалпына келтіруге міндеттеді.