
Түркия әлемде және аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнату үшін бітімгер әскерін Украина аумағына жіберу мәселесін мүдделі тараптармен талқылауға дайын. Бұл туралы түрік қорғаныс министрлігінің өкілдері мәлімдеді.
«Біз мызғымас бейбітшілікті тараптардың теңдей қатысуымен ғана әділ орнатуға болады деп есептейміз. Осы істе еліміз аймақта, Қара теңізде тыныштық орнағанын, сонымен бірге Украинаны қалпына келтіруге бағытталған басқа да бастамаларды қолдай береді», – дейді министрлік өкілі.
Бір апта бұрын Bloomberg Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған Украина басшысы Владимир Зеленскиймен, сонымен бірге Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен түрік бітімгер күштерін орналастыру мәселесін талқылағанын білген. Агенттік дереккөздерінің айтуынша, осы мәселені талқылауға арналған жиналыстардың бәріне шақырылмаса, Анкара бітімшершілік миссиясына қатыспайды.
Бітімгершілік операциялар халықаралық қауымдастықтың әлемде бейбітшілікті сақтаудың ең тиімді тәсілдерінің бірі болып отыр деп есептейді Түркия СІМ. Министрлік мәліметінше, Анкара БҰҰ-ның 1950-жылдардан бері бітімгершілік операцияларына белсенді түрде қатысып келген.
Ресей билігі Украинада Еуроодақ елдері немесе НАТО әскерін орналастыруға үзілді-кесілді қарсы шығып отыр.
Бұл уақытта Иманғали Тасмағамбетов Еуропа әскерін Украинаға жіберсе, ҰҚШҰ Ресейге көмектесуге дайын деп мәлімдеді.