Наурыздағы мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді

«Азаматтарға арналған үкімет» наурыздағы мерекелерде Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесін жариялады.
8 наурыз мерекесіне байланысты бұл күні Қазақстанда ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.
10 наурыз, яғни дүйсенбі кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні болып есептеледі. Бұл күні азаматтарға 9.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетіледі.
«Наурыз мейрамына орай ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін 21, 22, 23, 24 наурыз демалыс күндері болып саналады. 25 наурыз, яғни сейсенбі күні кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Бұл орталықтар азаматтарды сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды», – делінген хабарламада.
Еске салайық, наурыз айында қазақстандықтарды ұзақ демалыс күтіп тұр. Қазақстандықтар 8-10 наурыз және 21-25 наурыз күндері демалады.
Ал, кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лардың актуалды тізімін Мемлекеттік корпорацияның ресми Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.