Ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды және Ақмола облыстарында жол жабылды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
дороги
«ҚазАвтоЖол» Қарағанды және Ақмола облыстарындағы жолдарды жапты / Фото: shutterstock

«ҚазАвтоЖол» қолайсыз ауа райы салдарынан Қарағанды облысындағы автожолдардың  толықтай жабылғанын хабарлады.

Қарағанды облысында:

 2025 жылғы 6 наурыз сағат 16:00-де «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 1505-1610 шақырым аралығында (Атамекен ауылы-Ақсу-Аюлы ауылы-) барлық көліктер үшін қозғалыс шектелді,- делінген хабарламда.

Бұдан бөлек, «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 1353-1426 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Теміртаудағы төлем қабылдау бекетіне дейінгі учаскеде арлық көлік түрлеріне қозғалыс уақытша тоқтатылды.

Ақмола облысында:

«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 1291-1353 шақырымы, Жібек жолы төлем қабылдау бекетінен, Қарағанды облысының шекарасына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы шектелді.

Аталған жол учаскелері 7 наурыз күні сағат таңғы 07:00 шамасында ашылады деп жоспарлануда.

Жолдарды күтіп-ұстауға жауапты компания бұған дейін Батыс өңірлерде ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылғанын хабарлаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз