
Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері 2025 жылдың 8 наурыз және 21-23 наурыз аралығында жұмыс істемейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті.
«Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасында 2025 жылғы 8 наурыз күні «Халықаралық әйелдер» және 21-23 наурыз аралығы «Наурыз мейрамын» мерекелеуге байланысты қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлайды»,– делінген хабарламада.
Десе де, Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
«Тасымалдаушылар мен барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз»,– деп ескертті комитет.
Еске салайық, осыған дейін 8-ші және 21-24 наурыз күндері мерекеге орай Қазақстанда ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейтіні жайлы жазған едік.