Банк пен қаржы

Алина Алдамберген KASE басқарма төрағасы қызметінен кете ме

Алина Алдамберген
Алина Алдамберген қызметінен кете ме /Фото: ашық дерек

Алина Алдамберген Қазақстан қор биржасының басқарма төрағасы қызметінен кетті. Бүгін кейбір БАҚ-та осындай ақпарат жарияланды. Бірақ Алина Алдамбергеннің өзі бұл жаңалыққа қатысты нақты пікір білдірмеді.

«Біз ресми емес ақпарат бермейміз. Ресми жаңалық күтіңіз. Ал БАҚ қауесет шығарып жатыр, бұл дұрыс емес», – деді ол Kursiv Media тілшісіне.

Алина Алдамберген KASE басшылығына қалай келді?

Алина Алдамберген 1991 жылы Қазақ мемлекетттік басқару академиясын бітірген. Сондай-ақ АҚШ-та Вашингтон және Рочестер Университетінде «қаржы, бухгалтерлік есеп» деген мамандықта білім алған.

Еңбек жолын 1997 жылы «ABN AMRO Банк Казахстан» қаржы ұйымында қаржы сарапшысы, бас маман ретінде бастаған. Кейінірек рейтингтік консультанты, департамент басшысы деген қызметтерді атқарды.

2003 жылы «ABN AMRO Asset Management» директорлар кеңесінің мүшесі, басқарма төрағасы болады.

2006 жылы Алматы қаласындағы аймақтық қаржы орталығының әрекетін реттеу бойынша агенттік төрағасының орынбасары болды.

2011 жылы «Самұрық-Қазына Қаржы» ЖШС бас директоры қызметіне ауысты. 2013-2016 жылдар аралығында «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің басқарма төрағасының орынбасары болды.

2016 жылдың ақпанынан бастап «Қазақстан қор биржасы» басқарма төрағасы қызметіне кірісті.