Алматылық компания Атырау облысындағы Қараған кен орнында мұнай өндірмек

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Қашаған кен орнының қасындағы кен орны игеріледі / Фото: shutterstock

Алматылық «Medeo Drilling Group» компаниясы Атырау облысындағы Қараған кен орнында сынақ мұнай өндірісін бастамақ. Бұл кен орны Теңіз кен орнына жақын орналасқан.

Сынақ өндірісі кезеңінде алдымен жұмысы тоқтап тұрған 6 ұңғыманы қайтадан игеруді қолға алады. Одан бөлек, қосымша 3 өндірістік ұңғыма бұрғыланады.

Мұнай қабаттарының шекаралары нақтыланып, С2 санатындағы қорлар С1 санатына ауыстырылады. Аумақтағы мұнай қорын бағалау мақсатында барлау ұңғымасы бұрғыланады.

2028 жылдың 30 сәуіріне дейін кен орнында жалпы саны 9 ұңғыма болуы тиіс. Қазіргі уақытта компания қажетті экологиялық келісім алынып жатыр.

Қарағандағы мұнай қоры алғаш рет 1976-1977 жылдары анықталған. 1983 жылы бұл жерде іздеу-барлау бұрғылауы басталды. 2000-жылдары бұрынғы жер қойнауын пайдаланушылар учаскеде сейсмикалық зерттеулер жүргізіп, бірнеше ұңғыма бұрғылады. 2008 жылы кен орнының қоры мемлекеттік комиссияның балансына қабылданды.

«Medeo Drilling Group» компаниясы Қараған кен орнын пайдалануға құқықты 2024 жылдың мамыр айында ҚР Энергетика министрлігі ұйымдастырған аукционда иеленді. Кәсіпорын 2,2 млрд теңге қол қою бонусын төлеп, бастапқы 55 млн теңгелік бағаны бірнеше есе арттырған. Келісімшарт талаптарына сәйкес, барлау кезеңінің ұзақтығы 6 жылдан аспауы керек.

Компания 2020 жылы Алматы қаласында құрылған. Негізін қалаушы – Юрий Николаевич Епишев, ол ашық дереккөздерге сәйкес Unex Stroy компаниясын да басқарады. Ал бұл компания ірі 50 кәсіпорынның қатарына енеді.

Сондай-ақ оқыңыз