Инфляция өскен сайын, базалық мөлшерлемені көтеруге тура келеді

Ұлттық банк Төрағасы Тимур Сүлейменов алдағы уақытта базалық мөлшерлеме тағы да көтерілуі мүмкін екенін айтады. Өйткені инфляция өскен сайын, базалық мөлшелемені де көтеруге туралы келеді. Ал Қазақстанда инфляция 2024 жыл соңында қарқын алып, қазір 9,6%-ға жетті.
«Базалық мөлшерлеме инфляциямен байланысты. Инфляция өскен сайын, бізге де базалық мөлшерлемені көтеруге тура келеді. Оны түсіну керек. Сондықтан бүгін біз қабылдаған шешім – оның алдын алу. Алдағы уақытта инфляциялық үдерісту болдырмас үшін, базалық мөлшерлемені көтердік», -деді ол.
Бас банк 7 наурыздағы шешімінде базалық мөлшерлемені бірден 1,25 тармаққа көтеріп, 15,25 пайыздан 16,50 пайызға жеткізді. Бұл шешімін ҰБ елдегі және Ресейдегі инфляцияның қарқын алуымен түсіндірген.
Базалық мөлшерлеме көтерілген сайын, банктер беретін несие мен ипотека қымбаттай түседі. Қаржы ұйымдары кредит мөлшелемесін негізі көрсеткіштен төмен бекіте алмайды.
Тимур Сүлейменов егер Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 12%-ға дейін төмендетсе, қазақстандықтардың жартысы депозиттерден ақшаларын шешіп алатынын айтады.
Мөлшерлеме төмен болған жағдайда депозиттер тартымдылығын жоғалтып, ал азаматтар қаражаттарын инвестициялаудың басқа жолдарын іздейді.
Мәселен, Ұлттыұ банк сауалнамасына қатысқан респонденттердің шамамен 54%-ы қаражаттарын шетел валютасына айырбастауға, басқа активтерге инвестициялауға немесе жай ғана жұмсауға ниетті. Сүлейменовтің айтуынша, капиталдың қайта бөлінуі елдегі инфляциялық қысымды күшейтуі мүмкін.