«Теңгеге қосымша қолдау»: алтынды сыртқа сатудан нарыққа қосымша 6 млрд доллар түседі

Ұлттық банктің отандық алтын өндірушілерден сатып алған алтынды сыртқа сатуынан нарыққа жылына қосымша 5-6 млрд доллар түседі. Бұл туралы Kursiv.Media cауалына жауап бере отырып Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
«Қазір нарықтағы алтын бағасына сүйенсек, алтын сатудан жылына 5,5-6 млрд доллар валюта түспек. Алтын бағасы бір унциясына 2900 доллар болып тұр. Бұл деген – валюта нарығына қосымша ұсыныс, теңгеге қолдау. Өйткені долларға деген сұраныс азайып, теңге бағамы нығаяды», – деді ол.
Қаңтар-ақпан айларында Ұлттық банк 950 млн доллар нарықққа ұсынды. Соның нәтижесінде теңге бағамы тұрақтанған.
17 қаңтарда Ұлттық Банк теңгеге қысымды азайту үшін алтын-валюта қорын пайдаланатыны мәлімдеді.
Соңғы 5 жылда Ұлттық Банк шамамен жылына 65-66 тонна алтын сатып алған.