Алматы әуежайының қызметкеріне пышақ тақап, кепілге алған азамат ұсталды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Алматы әуежайында әйел адамға пышақ тақап, кепілге алған адам ұсталды. Бұл туралы Алматы әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға, бүгін, 7 наурыз күні болған.

«Жергілікті уақыт бойынша сағат 11:45 шамасында өзін жолаушы ретінде таныстырған ер адам ішкі терминалдағы (Т1) рейс алдындағы тексеру аймағына келді. MAA авиациялық қауіпсіздік қызметінің скрининг қызметкерлері ер адамнан құжаттарын көрсетуді сұраған. Оған жауап ретінде ер азамат скрининг офицерін шашынан ұстап, пышақпен қорқыта бастаған», – делінген баспасөз қызметінің түсіндірмесінде.

7 минуттан кейін әуежайдың желілік полиция бөлімінің қызметкерлері офицерді құтқарып, қаруын алған.

Ұсталған азамат полиция өкілдеріне тапсырылған.

Сондай-ақ оқыңыз