Жаңалықтар

Әуежайдағы оқиға: ер адам сөмкесінде жарылғыш зат бар екенін айтқан

Алматы әуежайындағы оқиғаға қатысты тағы бір видео тарады.
Алматы әуежайындағы оқиғаға қатысты тағы бір видео тарады / Фото: видеодан скриншот: бильд-редактор: Милош Муратовский

Алматы әуежайындағы оқиғаға қатысты тағы бір видео тарады. Ол жерде әуежай қызметкерін кепілге алған азамат әуежайды жарып жіберетінін, сөмкесінде жарылғыш зат бар екенін айтады.

KursivMedia редакциясына оқырманнан келген видеода ер адамның: «Орындарыңнан қозғалмаңдар. Бәріңді жарып жіберем. Бәріңді жарып жіберемін деймін, қаруларыңды қойыңдар», – деп жатқаны бейнеленген.

Сонымен бірге ер адам сөмкесінде 1,5 килограм жарылғыш зат бар екенін айтқан.

Айта кетсек, бүгін 7 наурыз күні Алматы әуежайында ер адам пышақпен келіп, әуежай қызметкерін кепілге алғаны туралы видео тарай бастады. Әуежайдың баспасөз қызметі көп ұзамай ер адамның залалсыздандырылып, полицияға тапсырылғанын хабарлады.

Бұл оқиғадан соң, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай президенттің оқиғадан хабардар екенін айтып, әуежай қызметкерін құтқарған ер азаматты наградаға ұсынуды тапсырғанын мәлімдеді.