Жаңалықтар

Мектеп асханаларында бірқатар азық-түлік түрлерін сатуға тыйым салынады

тағам
Мектептерде 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап зиянды тағам түрлерін сатуға тыйым салынады / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, елдегі мектеп асханаларында бірқатар азық-түлік түрлерін сатуға тыйым салынады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығында жазылған.

Бұйрыққа сәйкес, мектеп пен аурухана асханаларында пайдаланылатын азық-түлік өнімдерінің тізбесі әзірленген. Ас мәзірі монопрофильді және мультипрофильді болып бөлінеді.

Монопрофильді бекітілген бір ғана мәзірден тұрады. Ал мультипрофильді бірнеше тағам кіретін ас мәзірі. Бұл мәзірді мектептерде пайдалануға болады.

Тағам сапасына ерекше мән беріледі

Балаларға берілетін тағам сапасына ерекше мән беріледі. Мысалы, қант пен тұздың нормасы бекітілген. Нормаға сәйкес 100 г дайын тағамда тұз көлемі 0,3 грамнан артық болмау керек, ал қанттың үлесі 5 грамнан аспауы тиіс. Сонымен бірге бұл мөлшер баланың жасына қарай өзгеріп отырады.

Нан өнімдеріне қойылатын талап та күшейе түседі.

«Нан, нан өнімдері, ұннан жасалған аспаздық өнімдер қара бидай және тұтас дән, бидай, аралас, глютенсіз, құрамында талшықтары жоғары, кебек, тұқым қосылған қамырдан дайындалады. Байытылған премиум және бірінші сортты бидай ұны қолданылады», – делінген құжатта.

Ал бұршақ дақылдары көк бұршақ, ноқат, жасымық, мош, ноқат сынды өнімдер тағамдарға, гарнирлерге немесе тәуелсіз тағамдарға қосымша ретінде берілуі тиіс. Витаминдер мен микроэлементтермен байытылған сүт пен сүт өнімдерінен дайындалған тағамдарды қосуға рұқсат етіледі. Мұнда сүт пен айранның майлылығы 1-ден 3,2%-ға дейін, йогурт майлылығы – 1,5-тен 3%-ға дейін, ірімшіктер – кемінде 45%, қаймақ – 10-15% болуы керек.

Асхана буфеттерінде қандай азық-түлік түрлерін сатуға рұқсат етіледі?

Құжатқа сәйкес, мектеп буфеттерінде сэндвичтер, нан және нан өнімдерін, қытырлақ нандарды сатуға рұқсат. Бірақ оларға да қойылатын талап бар. Сатылатын өнімдер мына талаптарға сай келуі керек:

  • қара бидайдан немесе аралас, тұтас дәннен, бидайдан, глютенсіз ұннан жасалған нан негізінде жасалған болуы керек;
  • қатты ірімшік, сары май, шөптер, жаңа піскен немесе кептірілген табиғи дәмдеуіштер, жаңғақтар, тұқымдарды сатуға рұқсат және оларға тұз қосылмаған болуы керек;
  • дайын өнімнің салмағы бойынша 5%-дан аспайтын қантты қамтитын тағамдарды, тұз, соус, майонез бен кетчуп, тәттілендіретін өнімдер қосылмаған көкөністермен мен жемістер сатуға рұқсат етіледі.

Қандай тағамдарды сатуға тыйым салынады?

Оқу орындарында мынадай өнімдерді өндіруге және сатуға рұқсат етілмейді:

  • йогурт, сүзбе, айран;
  • фаршпен құймақ;
  • фаршталған макарон өнімдері;
  • паштеттер;
  • кремі бар кондитерлік өнімдер;
  • құрамында қант бар кремсіз кондитерлік өнімдер;
  • морс, квас;
  • қуырылған өнімдер;
  • жартылай піскен жұмыртқа, қуырылған жұмыртқа, пастерленбеген жұмыртқа қоспасынан жасалған омлет;
  • күрделі салаттар (төрт компоненттен көп), қаймақ пен майонез қосылған салаттар;
  • окрошка;
  • саңырауқұлақтар;
  • өнеркәсіптік емес (үйде жасалған) тамақ өнімдері, оның ішінде көкөніс консервілері, жемістер, ет, балық және саңырауқұлақтар;
  • жылдам дайындау үшін құрғақ тағам концентраттарына негізделгентағамдар;
  • фастфудтар: гамбургерлер, хот-догтар, пицца, наггетстер, қытырлақ картоп, дәмдік қоспалары бар тұздалған крекерлер;
  • ыстық соустар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштер (бұрыш, желкек, қыша);
  • пастерленбеген сүт, сүзбе және термиялық өңдеусіз қаймақ;
    технологиялық өңделген ет және балық өнімдері (шұжықтар, ысталған ет);
    кофе және кофе сусындар;

Ал дайын өнім түрлері бойынша кондитерлік өнімдер газдалған және энергетикалық сусындар, сағыз, дәмдеуіштер қосылған су түрлері, пастерлерленген жеміс пен көкөніс шырындары, кофе өнімдері, қуырып дайындалған тағам түрлерін сатуға тыйым салынады.