TikTok тренді: 11 жастағы оқушы сыныптастарын улады

TikTok тренді кесірінен соя таяқшаларын жеген алты оқушы бала уланып, ауруханадан бір-ақ шықты. Бірақ әупірімдеп аман қалған.
Mash ақпаратына қарағанда, оқиға Мәскеу маңындағы Красногвардейск қаласында болды.
Бес ұл бала мен бір қыз артынша ауруханаға түскен
Осы қаладағы №1 мектептің 11 жастағы оқушысы Latiao соя етінен жасалған таяқшаларды әкеліп, сыныптастарына ұсынған. Оны жеген бес ұл бала мен бір қыз артынша ауруханаға түскен.
Оқиғаның егжей-тегжейін құқық қорғау органдары анықтап жатыр.
Айта кететін жайт, TikTok трендіне байланысты оқушылардың улану оқиғалары Қазақстанда да тіркеліп отыр.
Алматы облысындағы қытырлақ таяқшалар
Мәселен, 2023 жыл Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылында мектеп оқушылары TikTok-та танымал болған қытайлық қытырлақ таяқшаларды жеп, жаппай уланған. Бұл өнімді танымал блогерлер кеңінен жарнамалаған. Оқушылар оларды дүкендерден сатып алып, жепті. Сондықтан TikTok тренді кейде абай болуды талап етеді.
Ақтөбе облысындағы беймәлім тәттілер оқиғасы
Осы тақілеттес оқиға Ақтөбе облысы Қобда ауданында болды. 2025 жылы ақпан айында 4-сынып оқушысы дүкеннен қытай тілінде жазылған тәттілер сатып алған. Жалғыз өзі жемей, сыныптастарымен бөліскен. Мұның кесірінен 23 оқушы ауруханаға түскен.
Осы тәттілердің қайдан келгені жұмбақ күйінде қалды.
Бұл TikTok тренді кесірінен оқушылардың денсаулығына зиян келуі дерегі жиі кездесе бастады.
Мұның алдында инста-ұстаз, TikTok шәкірттер немесе білім саласындағы цифрландыру мәселесі туралы жазған болатынбыз.