Тоғыз жастағы оқушы қыздың кеудесіне қол жүгіртіп келген мұғалімнің ісі сотқа дейінгі тергеуге жіберілді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Тоғыз жасар оқушы қызға тиіскен мұғалім тек 15 күнге қамалған/фото: shutterstock
Тоғыз жастағы оқушы қызға тиіскен мұғалім тек 15 күнге қамалған/фото: shutterstock

Тоғыз жастағы оқушы қыздың кеудесіне қол жүгіртіп келген мұғалімнің ісі сотқа дейінгі тергеуге жіберілді. Мұғалім бейнелеу өнерінен сабақ берген.

Gazeta.uz ақпаратына қарағанда, бұл іс туралы Өзбекстанның Немолчи жобасы хабарлаған.

«Сүйіп, қылқындырған»

Қыздың анасының айтуынша, мұғалім бірнеше сабақ барысында оқушының кеудесін ұстаған. Мәйкесінің ішіне қол жүгірткен. Сүйіп, қылқындырып, қыздың реакциясын байқау үшін босатып отырған. Тоғыз жастағы оқушы қатты қорыққан.

Мұндай әрекет кәмелет жасына толмағандарды азғыру бабына жатады. Өзбекстан заңы бойынша, қатаң жазаға тартылып, балалармен жұмыс істеуіне шектеу қойылады.

Оны 15 тәулікке ғана қамамақ болған

Алайда Өзбекстанның ішкі істер органы мұғалімнің әрекетін «сексуалды алымсақтық деп бағалап, тоғыз жастағы оқушыға тиіскен мұғалімді 15 тәулікке қамауға шешім шығарыпты.

Балалар омбудсманы сот шешімін оқып, мұны оқушы қыздың құқығына қайшы деп есептеген. Сөйтіп дереу прокуратураға арызданған. 

Сот қаулысы

Сот қосымша тергеу жүргізу үшін аудандық прокуратураға іс материалдарын қайтаруға қаулы шығарды. Балалар құқығын қорғаушының талабы орындалған.

Мұғалімнің тоғыз жастағы оқушыға тиісуі өзбек қоғамын дүрліктіріп отыр.

Астанадағы даулы оқиға

Қазақстанда да былтыр қараша айында осыған ұқсас оқиға болды. Астана қаласында 43 жастағы мұғалім 7-сынып оқушысына тиіскен. Қыздың ата-анасы бұл туралы кездейсоқ біліп қалған.

Мұғалім сабақтан кейін ұдайы оқушыларды алып қалады екен. Мұнымен қоймай, кешке қарай жеке чатына хабарлама жіберіп отырған. Оқушылардың біріне аудио жіберіп:

«Мен сендікпін, сен мендіксің», – деп ашық азғыру ниетін жасырмаған.

Ата-аналар талабы

Бұл хабарламаны көріп қалған оқушылардың ата-аналары дереу директорға шағым түсіреді. Көп ұзамай мұғалім «өз еркімен» арыз жазып жұмыстан кеткен. Ата-аналар бұл мұғалім басқа мектепке орналасып, өзге оқушыларға тиісе ме деп күдіктенеді. Олар азғырған мұғалімді заң бойынша жазаға тартып, қылмыстық іс қозғауды талап етті.

Қазақстанда да аудан әкімінің аппаратын басқарған, билік партиясынан депутат болған Серікхан Жақыпов педофилия үшін өмір бойы түрмеде отыратын болды.

Сондай-ақ оқыңыз