Сүлейменов сәуірде доллар курсы қандай болады деген сұраққа жауап берді

Ұлттық банк теңге немесе доллар бағамы қандай болатынын болжай алмайды және бұл дұрыс емес . Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бұл туралы брифингте айтты.
Астанада өткен брифингте журналистер реттеушы банк төрағасына «сәуірде доллар бағамы көтерілетіні рас па» деген сауал қойды.
«Қазір оңай емес жағдай. Жаһандық деңгейде шешім тез қабылданады және олар бұрынғыдай біз үйреніп қалған шешімдер емес. Сондықтан қазір белгілі бір валютаның курсы, белгілі бір елдердің сауда-экономикалық байланысы туралы, олар біздің нарыққа қалай әсер ететіні жайлы айту өте қиын болар. Мынанша болады дегендей нақты бір болжам айта алмаймыз», – деді Сүлейменов өз жауабында.
Halyk Finance сарапшылары наурызда доллар бағамы 505-515 теңгеге дейін қымбаттайды деген болжам жасады. Бұған Ұлттық Банктің БЖЗҚ-дан қайтадан доллар сатып алуға кірісуі себеп екенін айтқан.
Қазір валюта айырбастау пункттерінде америкалық доллар 492-496 теңгеден саудаланып жатыр.
Валюта айырбастамас бұрын мына материалды оқып шығуға кеңес береміз. Влютаны қауіпсіз әрі тиімді айырбастау жолдары айтылған.