Қазақстан қор биржасының жаңа төрағасы Әділ Мұхамеджанов болады

Қазақстан қор биржасы директорлар кеңесінің шешімімен 2025 жылдың 31 наурызынан бастап басқарма төрағасының қызметін Әділ Мұхамеджанов атқарады. Бұл туралы KASE сайтында жарияланған.
«Қазақстан қор биржасы (KASE) Директорлар кеңесінің шешімімен 2025 жылғы 31 наурыздан бастап 2026 жылғы 01 шілдеге дейінгі өкілеттік мерзімімен KASE-нің Басқарма төрағасы болып Әділ Мұхамеджанов сайланды», – деп жазылған қордағы жазбада.
Әділ Мұхамеджанов 2021 жылдан бастап «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ Басқарма төрағасы болды. Бірақ оған дейін ол KASE Басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет еткен.
Әр жылдары Ұлттық Банктің Монетарлық операциялар департаментінде түрлі лауазымдарды атқарды.
Ал қор биржасының қазіргі төрағасы Алина Алдамберген директорлар кеңесінің шешімімен 31 наурыздан бастап қызметінен кетеді.