Тоқаев әуежайда қызды құтқарған Мұса Әбдірайымовты «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Тоқаев
Мұса Әбдірайымов кепілге алған адамды құтқарып, пышағын тартып алған болатын / Фото: Акорда

Алматы  әуежайында болған қызды құтқарып, ерлік көрсеткен Мұса Әбдірайымов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

«Қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Мұса Сайранбайұлы Әбдірайым «Ерлігі үшін» медалімен наградталсын. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі»,- деп жазылған қаулы мәтінінде.

Айта кетейік, 7 наурыз күні Алматының әуежайында ер адам әуежай қызметкеріне пышақ тақап, кепілге алған еді. Пышақпен қаруланған ер азамат әуежайды жарып жіберетінін айтқан

Мұсa Әбдірайымов кепілге алған адамды құтқарып, пышағын тартып алған болатын. Кепілге алынған әйелді әуежайға туыстарын шығарып салуға барған ер адам құтқарып қалды. Бұл оқиғадан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев ерлік жасаған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды.

Сондай-ақ, Алматы қалалық полиция департаменті шу шығарған адам осыған дейін қоғамдық көліктердің бірінде қызға шабуыл жасағанын хабарлады.  

Оқиғада ерлік танытқан Мұса Әбдірайымов «Жігіттер» тобының продюсері Ерғали Әбдірайымовың бауыры, әнші Бағлан Әбдірайымовтың ағасы болып шықты.

Сондай-ақ оқыңыз