Алматы әуежайындағы оқиғаға қатысты үш қылмыстық іс қозғалды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Алматы әуежайындағы оқиғадан кейін Ішкі істер министрі Ержан Саденов арнайы  тапсырма берген./фото: KursivMedia мұрағаты
Алматы әуежайындағы оқиғадан кейін Ішкі істер министрі Ержан Саденов арнайы  тапсырма берген./фото: KursivMedia мұрағаты

Алматы әуежайындағы оқиғаға қатысты Ішкі істер министрлігі пікір білдірді. Бұл оқиға әуежайлардағы қауіпсіздікті күшейтуге ықпал етпек.

Polisia.kz ақпаратына қарағанда, әуежай қызметкерін кепілге алып, рюкзагында «бомба» бар деп қорқытқан ер адамға қатысты үш қылмыстық іс қозғалған.  

Қандай жаза қолданылады?

Кепілге алу.  Заң бойынша, мұндай қадамға барған адамның мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық. Бұған 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау. Бұл айып бойынша, 5 000 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Екі айға қамауға алынды

Ішкі істер министрлігі хабарлауынша, оқиғаның мән-жайын тексеру үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Зәбір көргендер жоқ. Сот шешімімен күдіктіге қатысты екі айға қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасы қолданылған.

Сондай-ақ Ішкі істер министрі Ержан Саденов бұл оқиғадан кейін арнайы  тапсырма берген. Енді елдегі әуежайлар мен вокзалдардағы қауіпсіздік жүйесі жіті тексерілмек. Ондағы мақсат – осал тұстарды анықтау, қауіптің алдын алу.

Алдын ала шаралар қабылданады

Сонымен қатар, бақылауды күшейтіліп, әрекет ету алгоритмін жетілдірілмек. Күзет қызметкерлері оқытылып, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды нығайтылады. ІІМ келешекте мұндай оқиғалардың алдын алу шаралар қабылдағалы отыр.

Алматы халықаралық әуежайында шу шығарған адамның бұрын да автобуста бір қызға шабуыл жасағаны расталды.

Сондай-ақ оқыңыз