Ертісбаев Шораев пен Бапиге неге шүйлікті

Ертісбаев Шораев пен Бапиге шүйлікті. ҚХП партиясының төрағасы бұл екі тұлғамен ғана шектелмей отыр. Санатта тағы біраз адам бар.
Ермұхамет Ертісбаев әлеуметтік желідегі арнасы арқылы бірқатар қоғамдағы тұлғаларға қарсы ақпараттық соғыс ашқан. Нысанаға алынғандардың арасында саясаттанушы Досым Сәтпаев, депутат Абзал Құспан мен Еркін Әбіл де бар. Ертісбаевтың айтуынша, бірқатар қазақ басылымдар әсіре ұлтшылдыққа салынған. Оны шетелдік қаржы ұйымдары қаржыландырып келген-міс.
Шораев неден жаңылды?
ҚХП партиясының төрағасы қоғам белсендісі Арман Шораевты «экстремист» деп атады. Бұған Мәжіліс депутаты Ирина Смирноваға тіл тигізгені себеп болып отыр.
«Қазақстанның ішкі ісіне араласуға бағытталған шетелдік ақша ағымын реттеу неге бұл субъектіні сонша ашуландырып отыр? Тіпті, бірнеше қылмыстың іс көтеруге болатын әңгіме айтып тастады. Өйткені, жем жеп отқан астауынан айырылды», – дейді Ермұхамед Ертісбаев.
Ертісбаев Шораев пен Бапиге шүйлігуінің бір себебі – олардың украинашылдығы.
Тіпті, ол Арман Шораевты «Украинаның тыңшысы емес пе?» деген күдігін де жасырмаған. Тіпті, Ертісбаев Арман Шораевтың жеке өміріне қатысты да дүниелерді алға шығарудан тыртынбады.
Шораевтің пікірі
Шораев Kursiv-ke Ертісбаевтың мәлімдемелеріне қатысты пікір білдірді.
«Ертісбаев мен үшін «нөл». Оның пікірінің ешқандай маңызы жоқ. Ол кезінде коммунист болды. «Нұр Отан» болды. Енді қайтадан халықтық партияға ауысты. Көзқарасын бірнеше мәрте өзгерткен адамның пікірінің мен үшін мәні жоқ», – деді Шораев.
Ертісбаевтың мәлімдемелері көпшіліктің бәріне бірдей ұнамаған.
«Шораев – Қазақстанның нағыз патриоты», – деп атағандар да бар. Кейбірлер Ертісбаевтың өзін шетелдік агент деп атады.
Ермұрат Бапи және «ғазауат соғысы»
Ертісбаев Шораевқа ғана тісін қадап қоймаған. Сонымен қатар, парламент депутаты Ермұрат Бапиді жерге алып жерге салған. Оның пікірінше, Қазақстанға «қауіп сырттан емес, ел мүддесін қорғауы тиіс депутаттардан» келеді.
ҚХП жетекшісіне Ермұрат Бапидің Украина мен Ресей арасындағы «соғысты» ғазауат – қасиетті соғыс деп атауы ұнамаған.
«Бұл депутат кімнің мүддесіне жұмыс істеп жатыр? КҚК шабуыл экономикаға зиян келтіріп қана қоймайды. Бұл – Қазақстанның егемендігіне тікелей шабуыл», – деп түйіндейді Ертісбаев. Өйткені, бұл шабуылдан 300 млрд теңге шығын келіп отыр.
Оның сөзіне қарағанда, бұл құбырдың 20 пайызы Қазақстанға тиесілі. Онда біздің мамандар жұмыс істейді. Сонымен қатар, ел бюджетінің жартысы осы құбырдан түседі.
Украина мәселесіне қатысты Ертісбаев тек қана Бапиге ғана емес, саясаттанушы Досым Сәтпаевқа да өткір тілін қадап өтті. Өйткені, ол да Украинаның әрекеттерін қолдапты.
Ертісбаев vs USAID
Ертісбаев қазақ басылымдарын «әсіре ұлтшылдығы» үшін айыптады.
«USAID ақшасына күшті қарсылықты электорат жасалды. Олар Ұлттық бірегейлікті жаңғырту деген ұранның төңірегінде «Батыстық либералды құндылықтар үшін түрлі-түсті төңкеріс жасауға дайын. Нацизм идеясы мен ұлтаралық алауыздық насихатталды. Бұған сәйкес контентті тарататын қазақ тілді ұлтшыл басылымдарға қолдау көрсетті», – дейді Ермұхамед Ертісбаев.
Ал депутат Еркін Әбіл USAID Сорос қорының және басқа да халықаралық ұйымдардың қаржыландыруынан ешқандай сөкеттік көрмейді.
«Шетелдік гранттардың зияны туралы ҚХП мәлімдемелерінің бәрі – хайп», – деп атаған еді Еркін Әбіл.
Ертісбаев Шораев пен Бапиге және басқаларға тиісіп хайп жасап отыр ма, жоқ әлде қоғамның белгілі бір бөлігінің сөзін сөйлеп, ұпай жинап жатыр ма? Әйтеуір, соңғы кезде оның бұрынғыдай саяси белсенділік пен пікірталас тудыруға ұмтылысы байқалады.