Италия Президенті Астанаға келді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Италия Президентінің қонған сәті/фото: Ақорда
Италия Президентінің қонған сәті/фото: Ақорда

Италия Президенті Серджо Маттарелланың ұшағы Елорда әуежайына қонды. Оны Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алған.

Ақорданың ақпаратына қарағанда, одан кейін екі елдің мемлекеттер басшылары келіссөз залына барған.

Президенттер бұған дейін 2024 жылы қаңтар айында Рим қаласында кездескен болатын.

Италия президенті Серджо Маттареллоның мамандығы – заңгер. Саясаткер 2015 жылдың 3 ақпанынан бері Италия президенті болды.

Ол Италияның Конституциялық сотының судьясы болып та қызмет атқарған. Италия үкіметінің алты құрамында жұмыс істеді. Парламент депутаты да болған.

Өткен қараша айының соңында Тоқаев Владимир Путинді Астана әуежайынан осылай қарсы алған еді.

Сондай-ақ оқыңыз