
Жер бетіндегі адамзаттың тең жарымы Ямная мәдениетінен шыққан. Ғалымдардың тұжырымынша, Еуразиядағы тілдер де осы жерден бастау алған.
Бес мың жыл бұрын адамзаттың тең жарымы бір ауылда тұрған
Бұл мәдениет бұдан 5 мың жыл бұрын қазіргі Украина аумағында өмір сүрген. Сондықтан адамзаттың бір бөлігі осы жерден таралыпты.
The Wall Street Journal ақпаратына қарағанда, генетик ғалымдар ДНҚ зерттеулерінен кейін осындай қорытынды жасаған.
Португалдардан моңғолдарға дейін ағайындар ма?
Мұны Херсон облысының Ресей басып алған аймағындағы Михайловка елдімекенінде жиналған генетикалық ақпаратты зерттеу нәтижесі дәлелдеп берген.
Генетиктердің тұжырымдауынша, бұл елдімекен көне өркениеттің орталығы болған. Осы жерден Еуразия құрлығына таралған. Бұл мәдениет Португалиядан бастап Моңғолияға дейінгі барлық халықтардың өмір сүру салты мен генефондына ықпал еткен.
Қазіргі адамзаттың тең жартысы осы генефонд арқасында пайда болды деп айтсақ, қателеспейміз.
Қазақтар да Украинадан шыққан ба?
Демек, бұл – Украина жеріндегі бір ауылдан тараған халықтардың арасында қазақтар да бар деген сөз. Бұл қорытындыға сенсек, адамзаттың тең жарымы ауылдас қана емес, қандас та болып шықпақ.
ДНҚ-ның жаңа зерттеулерінің нәтижесіне сенсек, осы ауылдың тұрғындары әлемдік генетикалық мұра қалдырып қана қоймай, 400-ге жуық заманауи тілдердің шығуына түрткі болыпты.
Қазақстанда ДНҚ-ны талдау арқылы жүктіліктің 10-шы аптасынан Даун синдромын анықтай бастады.