Air Astana ұшағы Ақтауға қайта оралды – аспанда қозғалтқышы сөндірілген

Air Astana ұшағы Ақтауға қайта оралып қонды. Оның қозғалтқышы аспанда сөндірілген. Өйткені, ұшақтың майы төмендеп кеткен.
Алматыға ұшқан Air Astana әуекомпаниясының ұшағы қозғалтқышы сөндірілген күйде Ақтау әуежайына қайта оралған.
ҚазТАГ хабарлауынша, техникалық ескертулерге жауап ретінде қозғалтқыш өшірілген.
«2025 жылдың 8 наурызында Ақтаудан Алматыға ұшып шыққан KC 868 рейсі ұшу орнына қайта оралды. Экипаж қозғалтқыш №1-дің май деңгейінің төмендігі туралы техникалық ескертуге жауап ретінде қозғалтқышты стандартты процедураларға сәйкес өшірді. Ұшақ Ақтауға сәтті қонды», – деп хабарлады Air Astana баспасөз қызметі.
Ақпаратқа сәйкес, жолаушылар топтық компанияның резервтік ұшағымен тасымалданған.
Мұның алдында қаңтар айында Алматыдан Антальяға ұшып шыққан AirAstana ұшағы Ақтауға қонуға мәжбүр болғаны туралы хабарлаған едік.