Бүгін қандай жолдар жабылды?
Бүгін қандай жолдар жабық тұрғаны жайында «ҚазАвтожол» мәлімет берді. Десе де, бұрын жабылған бірқатар жолдарда көлік қозғалысы ашылған.

Ашылған жолдар
«ҚазАвтожол» ақпаратына қарағанда, бүгін 2025 жылғы 9 наурызда сағат 10:30-да Абай облысындағы «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» – 971-1013 шақырым аралығы ашылған. Шығыс Қазақстан облысындағы аталған жолдың 1013-1048 шақырым аралығы, яғни Абай облысының шекарасынан Ұлан ауылы бұрылысына дейінгі жол ашылған.
Десе де, бүгін, 09 наурызда7 облыстағы 8 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көліктердің жүруіне шектеу қойылып отыр.
Жабылған жолдар
Cонымен қандай жолдар жабылды?
Айталық, Абай облысы Аягөз қаласы мен Жетісу облысының шекарасына дейін жол жабылды. Сонымен қатар, «Таскескен – Бақты – ҚХР шекарасы» автожолының 0-75 шақырым аралығы, яғни, Таскескен ауылының тұсындағы. бұрылысы мен Үржар ауылына дейінгі жол бөлігі аралығында көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Атырау облысында «Атырау-Орал» автожолының 5-62 шақырым аралығы , яғни, Атырау қаласы – Махамбет ауылы аралығында жол уақытша жабылды.
Жетісу облысында Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейінгі жолға шектеу бар.
Күнгей жолдары
Қарағанды облысында Атамекен ауылынан Балқаш қаласына дейін жол жабылды.
Қостанай облысында Ұлытау облысы шекарасынан Арқалық қаласына дейін шектеу енгізілді.
Ұлытау облысында «Жезқазған-Петропавл» автожолындағы Ұлытау ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі жолдан көліктер жүре алмайды.
«Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 243 арнайы техника мен 322 маман жұмылдырылды», – дейді «ҚазАвтоЖол».
Мұның алдында еліміздегі 7 республикалық маңызды жолдардың жабылғаны туралы хабарлаған едік.