Трамптың гольф-клубына шабуыл жасалды

Трамптың гольф-клубына шабуыл жасалды. Шотландиядағы клуб Trump Turnberry деп аталады. Палестиналық белсенділер ғимаратты бояған.
Газонда үлкен әріптермен «Газа сатылмайды», – деп жазып кеткен.
Шабуыл жасаған кімдер?
Bild басылымы ақпаратына қарағанда, мұнымен қатар палестиндіктер асфальтқа «Газаға еркіндік», «Палестинаға азаттық» сияқты жазбалар қалдырған. Арасында АҚШ президентін қорлайтын жазулар да кездеседі.
Басылымның хабарлауынша, Трамтың гольф-клубына жасалған шабуылды Palestine Action ұйымы ұйымдастырған. Олар АҚШ-тың Газадағы қақтығысқа қатысты саясатын сынап келеді.
Гольф-клуб қанша тұрады?
«Трамп Газаны өз меншігі ретінде басқара аламын деп ойлайды. Біз оған оның меншігі де қауіпсіз емес екенін көрсеттік», — делінген Palestine Action ұйымының әлеуметтік желілеріндегі хабарламасында.
Трамп бұл гольф-клубын 2014 жылы сатып алыпты. Бұған 60 миллион доллар төледі.
Трамп пен Хамас келіссөзі
Трамптың гольф-клубына шабуыл жасалардан бұрын АҚШ әкімшілігі ХАМАС-пен тікелей келіссөздер жүргізген. Ақ үй дипломаттарының «кез келген адаммен сөйлесуге» толық құқылы екендерін айтқан болатын.
ХАМАС Газадан кетуге келісіп, билікті Палестинаның ұлттық әкімшілігіне беруге дайын екенін хабарлаған. Трамптың гольф-клубына шабуылды «вандализм» деп баға берушілер де бар.