Ұшатын көліктер: Қытай жаппай өндірісті қолға алмақ

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ұшатын көліктерді XPeng Motors 2026 жылға қарай жаппай өндіруді жоспарлап отыр/фото: фото: KursivMedia мұрағаты
Ұшатын көліктерді XPeng Motors 2026 жылға қарай жаппай өндіруді жоспарлап отыр/фото: фото: KursivMedia мұрағаты

Ұшатын көліктер дәуірі келіп жеткен секілді. Қытай жаппай өндірісті қолға алуды көздеп отыр. Бұл ел осы көліктерге ерекше мән беріп жатыр.

2026 жылға қарай ұшатын көліктер көбейеді

Сhinadaily ақпаратына қарағанда, Қытайдың электр көлік өндірушісі XPeng Motors 2026 жылға қарай ұшатын көліктерді жаппай өндіруді жоспарлап отыр.

«Өйткені Қытайдың қарқыны төмендеген экономикасына қолдау көрсететін жаңа саясаттың арқасында қарқынды дамып келеді», – деді депутат Хэ Сяопэн. Мұны ол сенбі күні өткен ағымдағы екі сессиясында мәлімдеген.

Ұшуды басқару жүйесін жасанды интеллект басқарады

Хэ Сяопэн – XPeng Motors компаниясының бас директоры және 14-ші Ұлттық халық конгресінің депутаты. Оның айтуынша, бұл жоба уақытында іске асса, XPeng әлемдегі алғашқы ұшатын көліктерді жаппай өндіретін компанияға айналмақ.

«Біз ұшатын көліктерде қауіпсіздікті және қолданушыға ыңғайлылықты арттыру мақсатында көлік басқаруды және жасанды интеллектіні біріктіріп, жаңа ұшуды басқару жүйесін әзірлеудеміз», — деді ол.

Адам тәрізді роботтар

XPeng сондай-ақ автономды көлік жүргізу саласындағы күш-жігерін арттырмақ. Биыл Level 3 автономды көліктерін алға шығарып, әлемдік бәсекелестерін шаң қаптыруды жоспарлап отыр. 2026 жылға дейін компания Level 4 мүмкіндіктерін енгізеді. Оның ішінде толық автономды тұрақтау жүйесі де бар.

XPeng тек көліктермен ғана шектелмей, адам тәрізді роботтарға да инвестиция салып жатыр.

Роботтар сатыла бастайды

Депутат Қытайдың адам тәрізді робототехника саласы Level 3 деңгейіне жетіп келе жатқанын атап өтті. Бұл роботтар көп жағдайда тәуелсіз жұмыс істей алады. Бірақ күрделі жағдайларда адам қадағалауын қажет етеді.

«2026 жылға қарай Қытайдың адам тәрізді роботтары бастапқы деңгейдегі Level 3 мүмкіндіктерімен орташа ауқымдағы коммерциялық өндірісін бастайды», — деді ол.

Ұшатын аэромобильдер

Қазақстанда да ұшатын көліктер қалалардың арасына қатынай бастайды. Ең алдымен бұл көліктер Алматы мен Алатау шаһарларының жалғамақ.

Көлік министрі Марат Қарабаевтың мәлімдеуінше,  бұл жоба Үкіметте талқыланып жатыр. Ұшатын көліктер сутегімен жұмыс істейді. Бес адамға дейін тасымалдай алады. Ешқандай дыбыс шықпайды.

Ұшатын көліктер шығаруға тек қана Қытай емес, АҚШ және Оңтүстік Корея компаниялары да ұмтылып жатыр.

Қазақстанда пилоттық жоба түрінде қолға алынып, ең алғаш рет Алматы әуежайынан ұшырылады.

Сондай-ақ оқыңыз