Қазақстан — Үндістан мен Қытайдан кейінгі Ресей қару-жарағының үшінші ірі импорттаушысы

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Ресейдің қару-жарақ экспорты бірден 64%-ға дейін төмендеді / Фото: kursiv.media архиві

Украина 2020–2024 жылдар аралығында қару-жарақ импорты бойынша әлемде бірінші орынға ие болды. АҚШ өз үлесін жаһандық қару-жарақ экспортында 43%-ға дейін ұлғайтса, ал Ресей экспорты 64%-ға төмендеген.

Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институтының (SIPRI) мәліметінше, АҚШ-тың әлемдік қару-жарақ нарығындағы үстемдігі артып келеді, ал Ресейдің экспорты керісінше құлдырап барады.

2020–2024 жылдар аралығында Ресей 33 елге негізгі қару-жарақ түрлерін жеткізген. Оның үштен екі бөлігі 3 мемлекетке тиесілі болды: Үндістан (38%), Қытай (17%) және Қазақстан (11%).

Сарапшылардың айтуынша, бұл құлдырау Ресейдің 2022 жылғы ақпанда Украинаға толыққанды басып кіруінен бұрын басталған.

«Украинаға қарсы соғыс Ресейдің қару-жарақ экспортындағы құлдырауды одан әрі тездетті, өйткені шайқас алаңында қару-жараққа сұраныс артты. Сауда санкциялары Ресейдің қару-жарақ өндіруі мен сатуын қиындатады, ал АҚШ пен оның одақтастары елдерді ресейлік қару-жарақты сатып алмауға мәжбүрлеуде», — деді SIPRI қару-жарақ жеткізу бағдарламасының аға ғылыми қызметкері Питер Веземан.

Ресейдің қару-жарақ саудасындағы екі маңызды серіктестігі 2022 жылға дейін әлсірей бастаған. Үндістан басқа жеткізушілерге көбірек басымдық беріп жатыр. Ал Қытай болса «өзінің қарқынды дамып келе жатқан әскери өнеркәсібінен» көбірек қару сатып алуда.

Айта кетейік жуырда АҚШ президенті Дональд Трамп Ресеймен бітімге келмейінше, Украинға әскери көмек тоқтатылғанын мәлімдеген еді. Fox News журналисіне берген сұхбатында Трамп Украинаға қару-жарақ пен оқ-дәрі беру бейбітшілік келісімге қол жеткізгенше, тоқтатылғанын айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз