Солтүстік Корея Сары теңізге қарай бірнеше баллистикалық зымырандар ұшырды

Солтүстік Корея Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың бірлескен жаттығуларының басталуына байланысты Сары теңіз бағытына баллистикалық зымырандар ұшырды.
Еuronews мәліметінше, Оңтүстік Кореяның әскери күштері, Сеул мен Вашингтон «Бостандық қалқаны» деп аталатын жыл сайынғы ірі әскери жаттығуларды қайта бастағаннан бірнеше сағат өткен соң хабарлаған.
Пхеньян бұл жаттығуларды Корей түбегіндегі жағдайды ушықтыратын «қауіпті арандату» деп атады.
Оңтүстік Кореяның Біріккен штаб бастықтары комитетінің мәліметінше, зымырандар Солтүстік Кореяның Хванхэ провинциясынан ұшырылған.
«Біздің қарулы күштеріміз қырағылықты күшейтіп, бақылау шараларын арттыруда және АҚШ-пен тығыз ынтымақтастықта толық дайындықты сақтауда», — деп хабарлады Оңтүстік Корея Қарулы күштері штабының комитеті.
«Бостандық қалқаны» оқу-жаттығулары командалық-штабтық дайындық сынақтарын және онымен байланысты далалық жаттығуларды қамтиды. Оқу-жаттығу 20 наурызға дейін жалғасады.