
«ҚазАвтоЖол» ауа райының нашарлауына байланысты Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында жолдардың жабылғаны туралы мәлімет берді.
Ақмола облысы:
Өңірде қарлы боран мен екпінді желдің салдарынан көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектеледі.
Айталық, «Астана-Петропавловск» автожолының 18-232 шақырымдағы учаскеcі, яғни Астана мен Щучинск қаласы арасындағы жол бөлігі жабылады.
«Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» автожолының 35-51 шақырым аралығы, нақтырақ айтсақ, Қабанбай Батыр ауылы – Қарағанды облысы шекарасындағы жол қозғалысы шектеледі.
Сонымен қатар Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 16-200 шақырым аралығына да (Астана қаласы-Павлодар облысы шекарасы) шектеу енгізілді.
Қарағанды облысы:
– «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» автожолының 51-266 шақырым аралығы (Ақмола облысы шекарасы-Теміртау қаласы);
Павлодар облысы:
– «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 200-254 шақырым аралығы, бұл Ақмола облысының шекарасы мен Шідерті ауылына дейінгі аралық.
«ҚазАвтоЖол» аталған жол учаскелері 10 наурыз сағат 20:00-де бірақ ашуды жоспарлап отырғанын хабарлады.