Джеддада АҚШ пен Украина келіссөзі басталды. Тараптар кездесуден не күтеді

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің тілшісі
Джеддада АҚШ пен Украина келіссөзі басталды
Джеддада АҚШ пен Украина келіссөзі басталды/Фото: АР

Сауд Арабиясының астанасы Джеддада АҚШ пен Украина арасында келіссөздер басталды. Америкалық делегацияны мемлекеттік хатшы Марко Рубио, ал украиналық делегацияны Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак басқарады деп хабарлады Euronews.com.

Тараптар неге қол жеткізгісі келеді

Вашингтон екіжақты келіссөздерде елеулі прогреске қол жеткізіледі деп күтеді. АҚШ президентінің Таяу Шығыстағы арнайы өкілі Стив Уиткоффтың айтуынша, тараптар пайдалы қазбалар бойынша келісімге қол қояды деген үміт бар.

Джиддаға аттанар алдында Рубио журналистерге Украина 2014 жылдан бері Ресей басып алған аумақтар бойынша кейбір ымыраға баруға мәжбүр болатынын мәлімдеген.

Украина келіссөздерде АҚШ-ты барлау және әскери қолдауын қайта бастауға көндіріп, президент Владимир Зеленскийдің Ресеймен соғысты тезірек аяқтауға ұмтылысын дәлелдеуге тырысатыны айтылады. The Financial Times Киев Қара теңіздегі әскери әрекеттер мен Ресейге қарсы алыс қашықтықтағы шабуылдарды тоқтатуды ұсынатынын жазған.

Бұған дейін қос мемлекеттік басшылары АҚШ-та кездесіп, келіссөз сәтсіз аяқталған. Осыдан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға әскери көмекті тоқтатқан. Кейінірек Зеленский америкалық серіктесімен келісе алмағанына өкініш білдірген. Мұнан соң Трамп Зеленскийден келіссөзді жандандырғысы келетіні жөнінде хат алғанын мәлім етті. Осыдан кейін тараптар Сауд Арабиясында кездесуге келісті.

Сондай-ақ оқыңыз