Саясат Нұрбек отқа төзімді кабельді көрсетемін деп саусағын күйдіріп алды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
General news бөлімінің тілшісі
Саясат Нұрбек саусағын күйдіріп алды
Саясат Нұрбек саусағын күйдіріп алды/Фото: Видеодан кадр

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек отандық ғалымдар жасап шыққан отқа төзімді кабельді таныстырып жатып саусағын күйдіріп алды.

Министр кабельдің кесіндісін журналистердің көзінше оттықтың көмегімен тексереді. Кабель шынымен де жанбайды, алайда министр тәжірибе барысында екі рет саусағын күйдіріп алды.

Саясат Нұрбектің сөзінше, қазіргі уақытта кабельдің алғашқы партиясы Өзбекстанға экспортқа шығарылып үлгерген. Ол өзбек темір жолында қолданылып жатыр.

«Бізде 7 түрлі иондық үдеткіш бар. Үдеткіш материяның қасиеттерін өзгертуге көмектеседі. Осының арқасында біз жанбайтын әрі тұтанбайтын кабельдер жасадық. Сонымен қатар, бізде төмен температураға төзімді, сынбайтын кабельдер де бар. Мұндай кабельдердің тұтас бір партиясы қазірдің өзінде экспортқа жөнелтілді», – деді ол.

Министр сондай-ақ үкіметте өткен баспасөз мәслихатында жекеменшік жоғары оқу орындарында жұмыс істейтін оқытушылардың жалақысы туралы сұраққа жауап беріп, ғалымдардың жайы туралы айтып берген.

Сондай-ақ оқыңыз