Жекеменшік университеттерде істейтін оқытушылардың жалақысы өсе ме

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
General news бөлімінің тілшісі
Жекеменшік университеттерде істейтін оқытушылардың жалақысы көтеріле ме
Жекеменшік университеттерде істейтін оқытушылардың жалақысы өсе ме/Фото: shutterstock

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ведомство жекеменшік университтердің басшылығын қызметкерлерінің жалақысын көтеруге міндеттей алмайтынын мәлім етті.

Кейінгі жылдары Үкімет мемлекеттік жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысын біршама арттырды. Алайда жекеменшік оқу орындарында еңбекақы мұншалықты өскен жоқ. Осы ретте жеке оқу ордаларының қызметкерлері жалақыларының аздығына жиі шағымданады.

Министр бұл мәселеден хабардар екенін, алайда мемлекет бұл тұрғыда білім саласындағы кәсіпкерлерді міндеттей алмайтынын айтты.

«Жекеменшік университеттер бізге тікелей бағынбайды. Олар Кәсіпкерлік кодекс арқылы құқығы қорғалған жеке бизнеске жатады. Біз оларға тікелей нұсқау бере алмаймыз, тек «біз жалақыны көтеріп жатырмыз, сіздерді де соған шақырамыз деп рекомендация» бере аламыз. Нұсқау беруге күшіміз жоқ», – дейді ол.

Демек жекеменшік университеттердегі оқытушылардың еңбекақы мәселесі тікелей басшылықтың шешіміне байланысты болып қала береді.

Бұған дейін, министр қазіргі уақытта жұмыссыз жүрген ғалым жоқ екенін мәлімдеген.

Сондай-ақ оқыңыз